Басты Жаңалықтар Ұстаздардың ұсынысы тыңдалды

Ұстаздардың ұсынысы тыңдалды

Педагогтер «Әділет» партиясының өкілдеріне білім беру саласына қатысты арыз-ұсыныстарын жеткізді.
Саяси ұйым 250 мектепте мұғалімдермен басқосу өткізді. Іс-шараға 25 мыңға жуық ұстаз қатысқан. Қорытынды кездесу Астана қаласындағы 101-ші мектепте өтті. Онда педагогтердің кәсіби құқығын қорғау, мұғалім мәртебесін көтеру, білім сапасын жақсарту және заманауи технологияларды тиімді пайдалану мәселесі талқыланды. Мұғалімдер оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, жасанды интеллект пен цифрлық құралдарды қолдану, оқыту мен тәрбиені қатар жүргізу жөніндегі тәжірибесін бөлісті.
Ержан Жылқыбаев, «Әділет» партиясы төрағасының орынбасары:

Ұстаздардың ойында жүрген қантай тағы да мәселелер бар, жалпы, өздерінің көкейінде жүрген ұсыныстарын тыңдап, ары қарай оның шешімін шығару үшін, іс жүзіне асыру үшін сондай диалог алаңын құрдық.

Бөлісу