Ел жаңалықтарына шолу
7 ұшақ пен 50 туристік нысан интернетке қосылады
7 ұшақ пен 50 туристік нысан интернетке қосылады. Бұл жөнінде
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі
Жаслан Мәдиев мәлім етті. Министрдің сөзінше, 124 пойыздың 1 500 вагоны
интернетпен қамтылды. Биылғы жоспар – 1 600 ауылды интернетке қосу. Келер жылы
облыстық жəне республикалық маңызы бар 40 мың шақырым автожолды байланыспен
қамту жоспарланған.
28-29 қазанда «United
Medical EXPO 2026» халықаралық
көрмесі өтеді
28-29 қазанда медицина саласына арналған халықаралық көрме өтеді. Шараға
әлемнің 15-тен астам елінен 100-ден астам компания қатысады. Бір алаңда
медициналық жабдық өндірушілерден бастап, дәрігерлер, зертхана, дәріхана
бизнесі, сатып алушылар мен медициналық нарықтың басқа да қатысушылары бас
қосады. Саланы дамытудың өзекті мәселелері
талқыланады.
69 жастағы алматылық дәрігер Миланда Қазақстанды таныстырды
69 жастағы алматылық дәрігер Миланда Қазақстанды таныстырды. Алғаш рет шетелдік
подиумға шыққан Зауре Искакова қазақ әжелерінің дәстүрлі киімдерін заманауи
үлгіде көрсетті. Ұлттық образдар шетелдіктердің
қызығушылығын тудырып, олар қазақстандық қатысушылармен суретке түсіп,
киімдер жайлы сұраған.
Сирек кездесетін бұйра бірқазан
БҚО-ны мекендейді
Сирек кездесетін құс батыс
Қазақстан облысын мекендеп жүр. Қызыл кітапқа енген бұйра бірқазан «Бөкейорда» резерваты мамандарының объективіне ілікті. Әлемдегі ең ірі ұшатын құстардың бірі саналатын бұйра бірқазан қанатын жайса, ұзындығы 3 метрден асуы мүмкін. Тағы бір қызықты
мәлімет, бұл құстың мойнында бұйра қауырсындары болғандықтан, бұйра бірқазан деп
аталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы