Таразда ақын С.Томановты еске алды
Қазақ поэзиясының ақжалын ақыны атанған Серік Томанов көзі тірі болғанда биыл 70 жасқа толар еді. Осыған орай Таразда ақынын ардақтаған елі «Құс қанат – ғұмыр» атты еске алу кешін өткізді.
Дәл осы атаумен жарық көрген жаңа кітабының да тұсауы кесілді. 80 жылдары әдебиетке келген Серік ақын өршіл рух, өткір тілмен жырлады. Отты жырларымен оқырманын баурады. Оның қаламынан найзағай жыр мен нәзік лирика қатар төгілетін. Сондықтан әдеби-сазды кеште жалынды жырлары ғана емес, сөзіне жазылған әндері де шырқалды. Бүгінде «Сезімді қайтем тулаған», «Аузынан Айдың түскен қыз», «Құс қанат – менің ғұмырым» әндері кең таралған. Сондай-ақ кеште ақын атындағы республикалық мүшәйра жеңімпаздары марапатталды.
Сәрсенбек Бәкір, сазгер:
5 жыл ағалы-інілі болып, шығармашылық байланыста болдық. Сол 5 жылдың өзінде ағамның 5 өлеңіне ән жаздым. Сол әндердің бәрі өзінің үйлесімін тауып, өзінің әншілерін тауып, қазіргі таңда өте керемет, танымал әндердің бірі болып орындалып келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы