Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді. Бұл туралы «Оңтүстік Кавказ» саясаттанушылар клубының жетекшісі Ильгар Велизаде мәлімдеді. Ол Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлі, оның ішінде өңірлердегі өкілдер желісінің арқасында нығайып келе жатқанын айтты. Саясаттанушы негізгі өзгерістердің бірі ретінде 2022 жылы қабылданған "Омбудсмен туралы" заңды атады. Оның пікірінше, бұл құжат Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жұмысына жаңа тәсіл қалыптастыруға негіз болып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында институттың мүмкіндіктерін кеңейтті.
Ильгар Велизаде, «Оңтүстік Кавказ» саясаттанушылар клубының жетекшісі:
Бұл институт азаматтардың арыз-өтініштерін айтып, оның орындалуына қолжеткізуге тікелей ықпал ететін құрал. Омбудсмен институтын жетілдіру мемлекеттік басқару тәжірибесін жетілдірумен қатар, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ғана емес, Қазақстан қоғамының алдағы жылдардағы даму тұжырымдамасын да іске асырудың кепілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы