Басты Жаңалықтар Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы

Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы

Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Қазақ қоғамында бұрыннан қалыптасқан осы қағида қазір қаншалықты сақталып жүр? Қоғамдық көлікте үлкен кісіге орын беру, көшеде жолын кеспеу, кезек тәртібін сақтау – қоғам мәдениетін көрсететін әрекеттер. Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл науқан үшін емес, қоғамда өзгеріс жасауға бағытталған бастама екенін айтты. Ол жастар мен аға буынның мінез-құлқына тоқталып, дәстүрлі құндылықтарға қайта оралу маңызды екенін атап өткен еді. Сондай-ақ амандасу мәдениетінде ұстамдылық пен өзара құрмет сақталып, тазалық пен тәртіп те бірінші орында болу қажет екенін жеткізді.

Айдар Сабыров, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің сеньор-лекторы:

Адамның рухани ішкі жан дүниесінің таза болуына ерекше мән беруі керек. Себебі адамның рухани ішкі жан дүниесі таза болса, ол адам қоғамда өзін еркін ұстай алады. Өзінің көзқарасын білдіре алады. Себебі оның ішкі жан дүниесі таза, сол арқылы басқа адамдарға өз үлгісін көрсетеді. Біздің қарияларымыздың, үлкендеріміздің жалпы ұлттық менталитетінде сол ішкі жан дүние тазалығына ерекше мән берген.

Бөлісу