Жасанды интеллект түсірген фильм
Жасанды интеллект арқылы миллиондап табыс табуға болады. Тек кәсіпті заманға сай бейімдей білу керек. Технологияның «тілін» түсінген мамандармен Жанел Нұрболатқызы кездесті.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Ерекше кейіпкер, шынайы эмоция, әсерлі қойылым. Түсірілім тобының мінсіз жұмысы секілді. Алайда мұнда актер де, режиссер де, тіпті оператор жоқ – бәрі бастан-аяқ жасанды интеллектімен жасалған.
Бұл фильм үшін Жұмахан Мырзахан жуырда халықаралық байқаудан 22 миллион теңге жеңіп алды. Ол туындыны небәрі 2 аптада жалғыз өзі жасап шыққан. Идея авторы, монтажері де өзі.
Жұмахан Мырзахан, креатор:
Жасанды интеллектімен жасалды. Тек менің идеям, басқаруым болмаса, қалғанының бәрі ЖИ арқылы. Бұрындары мысалы бір минуттық видеоны жасау үшін калорист, сценарист, монтажер, фотограф – бәрі керек еді. Қазір оның барлығын бір ақ адам жасай алады.
Жұмахан жасанды интеллектіні меңгергенге дейін видеограф болған. «Кәдімгі кинотуынды жасау үшін көп қаржы керек. Табыс та аз түседі. Сондықтан жасанды жадыға көштім» дейді. Қазір тапсырысқа ролик шығарады. Байқаулардан алатын жүлдесі және бар. Осылайша, жасанды интеллектінің арқасында миллионерге айналды деуге болады.
Жанел Нұрболатқызы, тілші:
Жасанды интеллектіге тапсырма бересің. Монтаждайсың. Кинотуынды дайын. Бір қарағанда оп-оңай. Расымен солай ма?
Бұл сұрақты халықаралық байқауларда топ жарған креаторларға қойған едік. Олардың айтуынша, AI фильмдерді киноөндірістен хабары бар маман ғана жасай алады. Өйткені жасанды интеллектіге сауалды дөп қою, түсінікті әрі тұшымды тапсырма беру тек фильм қалай жасалытынын білетін адамның қолынан келеді.
Ли Шунг, креатор:
Қарапайым ғана мысал, ракурсты қай жағынан беру керек екенін білу керексің. Кадр композиясы, жарық фокус. Мұны білмейтін адам жасанды интеллектіні басқара алмайды. Өзі елестеткен фильмді әрі кетсе әлеуметтік желінің деңгейінде жасайтын шығар. Бірақ, жоғары деңгейде, шедеврге татитын туынды шығара алмайды.
Якубо Занетти, креатор:
Сосын біз чат джипити секілді қарапайым платформа қолданбаймыз. Арнайы бағдарлама бар. Оны қолдануға рұқсат алу үшін, бір фильмге шамамен 300-400 доллар кетеді.
Креаторлардың арасында өз мамандықтарын заманға сай бейімдеген атақты режиссерлер, актерлер көп. Киноиндустрияда ғана емес, қазір әншілер, суретшілер, журналистер және өзге де сан мыңдаған мамандық иелері жасанды интеллект арқылы өздері жақсы білетін салада мол табысқа кенеле алады. Текжолын тауып, тиімді қолданса болғаны.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы