Басты Жаңалықтар Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралады

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен елімізге мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саид «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралады. Нысанның басшысы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарға жұмыс нәтижесін көрсетті. Нақтырақ айтсақ, Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық-экономикалық қатынастарды одан әрі жандандыру үшін Орталық қандай мүмкіндіктер ұсына алатынына тоқталды. Бұдан бөлек, жаңа нысанның исламдық қаржыландыру саласындағы мүмкіндіктері, сондай-ақ тәулік бойы консультациялық қолдау көрсететін интеллектуалды ассистенті жайында баяндады. «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылғалы елге 28 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Мұнда 90 елден 6600-ден астам компания тіркелген.

Бөлісу