Сарапшы: Саяси институттарды жетілдіру - демократия қағидаты
«Қазақстандағы конституциялық реформа - саяси институттарға еркіндік беріп, билік пен бұқараның байланысын бекемдеді». Елдегі ахуалды зерттеуші еуропалық сарапшылар осылай дейді. Олардың пайымынша, билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді бөлу, Парламенттің рөлін күшейту, сот жүйесінің тәуелсіздігіне қосымша кепілдік беру - демократиялық құндылықты нығайтудың нақты қадамы. Билікті орталықсыздандырып, әр азамат үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді көздейтін реформалар өз жемісін береді деген сенімде сарапшылар.
Валерия Санти, Брюссельдегі Геосаясат институтының аға зерттеушісі:
Реформалар жалпыұлттық референдумда мақұлданып, қоғамдық қолдауға ие болғанын білеміз. Билікті қайта бөлу және парламенттік жүйені өзгерту терең институционалдық жаңғыртуды білдіретін маңызды қадам. Бұл тепе-теңдік жүйесін нығайтуға және азаматтардың мүддесі үшін тиімді қызмет ететін мемлекеттік институттарды құруға көмектесетіні анық. Бұл процеске азаматтық қоғам өкілдерінің белсене қатысуы жоғары бағаға лайық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы