Басты Жаңалықтар Трамп Ресейде қайтыс болған зертхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

Трамп Ресейде қайтыс болған зертхана қызметкеріне қатысты пікір білдірді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейде зертхана қызметкері биологиялық қарудан қайтыс болған жоқ деп мәлімдеді.

Мұны Құрама Штаттар жетекшісі Ақ үйде журналистермен өткен кездесуде айтты. Тағы бір сөзінде ол осы мәселені талқылау үшін президент Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуге уағдаласқанын хабарлады.

Айта кетсек, жұма күні Сібірдегі оба институтында жұмыс істейтін 28 жастағы әйел қайтыс болды. Содан кейін 200-ге жуық адам карантинге жабылған. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Иркутск облысына эпидемия қаупі төніп тұрған жоқ.

Бөлісу