Ақмола облысында «Қауіпсіз үй» жедел алдын-алу шарасы басталды
Ақмола облысында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Қауіпсіз үй» жедел-алдын алу іс-шарасы бастау алды.
Рейд барысында тәртіп сақшылары жер үйлерді, жалға берілетін пәтерлерді және қараусыз қалған нысандарды аралады. Есепте тұрған бір мыңнан астам азамат тексеруден өтті. Нәтижесінде көші-қон заңнамасының бұзылуына қатысты 38 дерек анықталды. Тәртіп сақшылары тұрғындармен кездесу кезінде миграция заңнамасына қатысты құқықтық кеңестер берді.
Ілияс Шәймерденов, облыстық Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздіқ басқармасы бастығының орынбасары:
Іс-шараның негізгі мақсаты - әрбір әкімшілік учаскедегі проблемалық мәселелерді анықтап, оларды мемлекеттік органдармен және азаматтармен бірлесіп шешудің нақты жолдарын белгілеу. Бұл ретте проблемалық мекенжайларға құқықбұзушылықтардың алдын алуға, көші-қон бақылауына және тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы