Басты Жаңалықтар Ақтөбеде шыны ыдыс өндіретін зауыт салынады

Ақтөбеде шыны ыдыс өндіретін зауыт салынады

Ақтөбе қаласында шыны ыдыстар өндіретін зауыт салынады.
Жоба құны – 60 млрд теңге. Кәсіпорын құрылысы биыл басталып, 2029-шы жылы іске қосылады. Жаңа зауыт отандық шыны ыдыстар өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тауардың шамамен 80% Қазақстанда сатылып, қалған бөлігі Орталық Азия нарығына шығарылмақ. Өндіріс шикізатты сұрыптаудың, технологиялық үдерістерді басқарудың және сапаны бақылаудың заманауи автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылатын болады. Өндірісте отандық шикізат пен қызметке басымдық беріледі. Жоба Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар тарту мен импортты алмастыру және локализациялауды арттыру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылады.
Абзал Әбдіуәрімов, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:
Инвестициялық жобаның құны – 60 млрд теңге. Кәсіпорын жылына 256 млн-ға дейін бөтелке мен банка өндіруге қауқарлы. Жоба аясында 300 тұрақты жұмыс орны құрылады.

Бөлісу