Түркістан облысында сапасыз салынған асфальт қайта төселді
Елдегі жол
құрылысына бақылау күшейді. Мемлекет басшысы саланы реформалап, Ұлттық сапа
орталығының жұмысын күшейтуді тапсырды. Өйткені биыл жергілікті жолдардан
алынған 15 мыңнан астам сынаманың 32 пайызы талапқа сай емес. Ал Түркістан
облысында мердігерлер сапасыз төселген 15 мың шаршы метр асфальтті өз қаржысына
қайта төседi.
Ернұр Уәлихан, тілші:
Менің қолымдағы жолдан алынған асфальттің бір бөлігі. Сырт көзге оның сапасына баға беру қиын. Ал зертханада оның құрамы мен беріктігі жіті сараланады. Сынама талапқа сай келмесе, мердігерге кемшілікті түзетуге тура келеді. Түркістан облысында биыл сапаға салғырт қараған мердігерлерге 10 миллион теңге айыппұл салынған.
Зертханада асфальттың құрамындағы битум, минералды ұнтақ, қиыршық тас пен
құмның сапасы жеке тексеріледі. Мамандар негізгі ақаулар асфальт-бетон
қоспасының рецептурасын сақтамаудан және жол жабынын жеткілікті тығыздамаудан
туындайтынын айтады. Биыл өңірдегі жол құрылысы нысандарынан алынған 952
сынаманың 241-інен кемшіліктер анықталған.
Ернұр Мекенбай, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының
зертхана маманы:
Асфальт-бетон құрамында битум, минпорошок, щебень мен ацфтер барлығы нормаға сәйкес болу керек. Жолдардың нормативтерге жауап бермеуінің басты себебі асфальт-бетон зауыттарында рецептураның болмауы және жолдағы технологияның сақталмауына байланысты.
Жол сапасына асфальт-бетонның дайындалу технологиясы тікелей әсер етеді. Биыл
өңірдегі 29 зауыттың тоғызы тексерістен сүрінді. Қоспа құрамынан ауытқу
анықталған соң, кемшілік жойылғанша өндіріс жұмысы тоқтатылды.
Жандос Егембаев, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының
директоры:
Біз қосымша добавкалар қосамыз, оны қоспайды. Добросовестный мердігерлер толығымен азаннан кешке дейін асфальто бетонный заводтарды қадағалап отырады. Ал кейбіреулер ақшаны үнемдеймін деп битумын немесе добавкасын қоспайды.
Жолдағы
анықталған ақауларды мердігерлер өз қаражатына түзетеді. Жыл басынан бері 119
млн теңгенің асфальт жабыны қайта төселген. Ал облыста биыл 360 шақырым жолды
күрделі және орташа жөндеу жоспарланған. Бұл жұмыстарға бюджеттен 17,5 млрд
теңге бөлінген.
Мейіржан
Жалайыров, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
басшысының м.а.:
Жол құрылысы сапасын арттыру мақсатында басқарма тарапынан құрылыс нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін сынамалар бойынша мердігер мекемелерге жалпы 10 млн-нан астам айыппұлдар салынып, 15 шаршы метр асфальттар қайта алынып, қайта төселінді.
Жыл
басынан бері елдегі жергілікті жолдардан 2 мыңға жуық технологиялық бұзушылық
пен ақау анықталды. Оның 90 пайызына жуығы әлі жойылған жоқ. «Сондықтан ендігі
міндет ақауды анықтаумен шектелмей, оның қайталануына жол бермеу», - дейді мамандар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы