Ел жаңалықтарына шолу
ЛРТ-ға тағы 20 синация салынады
Астанада ЛРТ жобасының екінші кезеңі қарқынды жүріп жатыр. Тағы 20 станция салу
жоспарлануда. Оның бесеуі оң жағалауда, тағы үшеуі Қосшы бағытында бой
көтереді. Екінші кезеңнің жалпы ұзындығы ұзындығы 27 шақырымға жуықтайды. Жоба
2027-ші жылдың соңына қарай аяқтау жоспарлануда. Халық ЛРТ-ң жаңа желілерімен үш
бағытта «Астана-1» теміржол вокзалына, Жағалау тұрғын алабына және Қосшы
қаласына қарай қатынайтын болады.
Қазақстанға жарты жылда 7 миллиондай турист келді
Қазақстанға жарты жылда 7 миллионға жуық турист келді. Сала дамыған сайын, білікті
мамандарға сұраныс та артып келеді. Осыған орай, елімізде алғашқы
мамандандырылған жоғары оқу орны ашылды. Қазір Халықаралық туризм және
меймандостық университетінде 3 мыңнан астам студент білім алады. Саланың дамуы
елдің халықаралық туристік беделінен де байқалады. Еліміздің бес озық қонақүйі
тұңғыш рет әлемдік «Мишлен кілтін» иеленді.
Сібір елігі мен орман сусары фототұзаққа түсті
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің фототұзағы орман тіршілігінің
тағы бір қызықты сәтін тіркеді. Бұл жолы камера объективіне
сібір елігі мен орман сусары ілікті.Бірі орманда сақ жүретін елік. Екіншісі ағашты алқаптарды мекендейтін
шапшаң әрі епті орман сусары. «Көкшетау» ұлттық паркінде орман, дала және
сулы-батпақты экожүйелердің қатар кездесуі жануарлар дүниесінің алуан түрлілігімен
ерекшеленеді.
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады. Бұл жөнінде Дүниежүзілікбокс ұйымының (WBO) президентімәлімдеді. Хабарламада қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы суперорта салмақтағы титулдық жекпе-жегін жеңілмеген даттық Якоб Банкпен өткізетіжарияланған. Тараптаркелісімгекелген. Алайда титулдық жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны кейінірек жарияланатыны жазылған. Екі боксшы
да кәсіпқой рингте әлі жеңіліп көрмеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы