Басты Жаңалықтар Талапты ұрпақ – ел болашағы

Талапты ұрпақ – ел болашағы

Қазақстан халқының 30 пайызы жастар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оларға артылар жауапкершілікпен қатар, сенімнің де жоғары екенін атап өтті.
Президенттің айтуынша, жастардың бойындағы талап пен жігер – ел болашағының негізі. Петропавл қаласының тұрғыны Дариға Смайылова Мемлекет басшысының жастарға қатысты айтқан пікірін қолдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, жас ұрпақ қандай қиындық болса да, оған мойымай, алға ұмтылуы керек.
Дариға Смайылова, «Ел жастары» ұйымы өңірлік өкілдігінің басшысы:
Осы шақта біз үлкен мүмкіндіктер аламыз, өзімізді дамытуға, армандарға ұмтылуға, білім алуға және де еңбек етуге. Бүгінгі жастар – біздің еліміздің болшағы. Сондықтан Президентіміздің жастарды болашаққа сеніммен қарауға шақыруы өте орынды деп ойлаймын.

Бөлісу