ШҚО жастары экологиялық мәдениет жайын талқылады
«Таза Қазақстан» акциясы бұл қоғамда
экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізді. Бұл жобаға тек былтырдың өзінде Шығыс
Қазақстан облысында 300 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде жарты миллион тонна қоқыс шығарылды. Жазда саябақ пен
өзен-көлдің аумағы тазартылып тарихи ескерткіштің маңы абаттандырылды. Ал қыста
волонтерлер ардагерлердің ауласындағы қарды шығаруға көмектесті. Эко акцияға
үнемі қатысып келе жатқан өскемендік белсенділер бүгін қалдағы жоғарғы оқу
орындарындағы студенттермен кездесіп, жобаның мін-маңызын түсіндірді.
Берік Секенов, қалалық жастар ресурстық орталығының
маманы:
Экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы үлкен ықпалдардың бірі - «Таза
Қазақстан» акциясы барысында көбінесе біз сенбіліктер жасаймыз. Ардагерлердің
ауласын тазалаймыз. Экологиялық белсенділік жасаймыз бір сөзбен айтқанда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы