Басты Жаңалықтар «Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті

«Әділет Керуені»: Шығыс Қазақстанда көшпелі қабылдау өтті

Бейінді мамандар «Әділет Керуені» акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысында көшпелі қабылдау өткізді. Дәрігерлерге 450-ден аса тұрғын жүгініп, оның 389-ы онкологқа қаралды. Тексеру қорытындысы бойынша қазан айында бес балаға тегін оңалту шаралары ұйымдастырылады. Науқанның негізгі бағыттарының бірі - аурудың алдын алу және ерте анықтау. Медициналық қызметпен қатар, тұрғындарға заңгерлер мен сот орындаушылары құқықтық көмек көрсетті. «Отбасы банкі» мамандары баспана алу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, азаматтар депутаттардың қоғамдық қабылдауына жүгінді. Жоба алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлерінде де жалғасады.

Қанат Шапатов, Күршім аудандық ауруханасының бас дәрігері:

Бүгінгі акция бойынша «Әділет керуені» келіп жатыр біздің ауданға. Яғни құрамында онкоуролог, онкомаммолог, онкогинеколог, яғни онколог дәрігерлері. Яғни ол біздің аудан тұрғындарымызға үлкен қолдау.  

Бөлісу