Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді
Елімізде Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы байланыс артып келеді. Ақтөбеде өткен «Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты конференцияда өңіраралық ынтымақтастық пен азаматтық қоғамды дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды. Шараға Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Қостанай және Батыс қазақстан облыстарындағы қоғамдық ұйым мүшелері арнайы келді.
Елімізде он мыңнан аса белсенді үкіметтік емес ұйым бар. Олар әр салада әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінгі конференция барысында мемлекеттік органдармен арадағы байланыс, азаматтық сектордың қазіргі жай-күйі талқыланды. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мәліметінше, соңғы он жылда мыңнан аса жоба жүзеге асқан.
Елдар Сапаров, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҮЕҰ туралы арнайы заң жобасы әзірленіп жатыр. Қазір ол кең ауқымда азаматтық қоғам институттарымен бірге талқылауда. Тыңдалымдар жүріп жатыр. Яғни, енді ҮЕҰ барлығына бірдей қолдаудың негізгі тетіктері туралы осы құжатта көрсетілетін болады.
Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан шара барысында жергілікті үкіметтік емес ұйымдар өз тәжірибелерімен бөлісті. Саланы дамытуға қатысты тың идеялар мен жаңа құралдар таныстырылды. Қазір өңірде облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен төрт гранттық жоба жүзеге асып жатыр.
Гүлнар Қабиева, «Жас Ақтөбе» қоғамдық қорының басшысы:
Үкіметтік емес емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі ерекше деп айтсақ болады. Бізге құлақ асады. Азаматтық сектор қандай бір бір қоғамдағы мәселелердің шешіміне өздерінің оң шешімін тигізіп жүр.Өйткені, ҮЕМ біз халық пен мемлекеттік органның арасындағы көпірміз деп айтсақ болады.
Конференция мәдени бағдарламамен жалғасады. Әр өңірден
келген меймандар «Қонақ кәде – Өнер шашу» фестиваліне қатысып, өз өнерлерін
ортаға салады. Осылайша, бұл шара Ақтөбенің тәжірибесін
таныстырумен ғана шектелмей, өңірлер арасындағы тұрақты байланысқа жол ашуы
тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы