Қазақ дипломаттары туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Ұлттық музейде бүгін журналист, дипломат, Құрмет орденінің иегері Гүлсім Еңсепованың «Дипломатия дарабоздары» кітабының тұсаукесері өтті. Жаңа еңбекте тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы мен кәсіби жетістіктері баяндалған.
Кітапқа әр жылдары Сыртқы істер министрі, елші және уақытша сенімді өкіл қызметін атқарған дипломаттар туралы очерктер енген. Олардың қатарында Қуаныш Сұлтанов, Мырзатай Жолдасбеков және Төлеутай Сүлейменов сынды 20 тұлға бар. Автор кейіпкерлермен етене таныс әрі бірге қызмет еткендіктен, олардың еңбегі мен адамдық болмысын өз естеліктері арқылы жеткізген. Мақсатым — тәжірибелі дипломаттардың кәсіби жолын кейінгі буынға таныстыру әрі жас мамандарға саланың қыр-сырын баяндау болды дейді автор. Тұсаукесерге мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен дипломаттар қатысты.
Гүлсім Еңсепова, «Дипломатия дарабоздары» кітабының авторы, қр сыртқы істер министрінің кеңесшісі:
Дипломат болам деп армандаған жас өрендер үшін мотивациялық берер өнеге-үлгісі көп деп ойлаймын. Мен қазірдің өзінде Халықаралық журналистикадан дәріс оқимын. Сонда олар осы дипломаттарымыздың өмірі туралы қызығып сұрайды. Олар үшін бұл кісілер аңыз. Бұл дипломатия тақырыбын жете білгендіктен маған жазу оңайға түсті, Әрине, уақыт алды. 3 жылдан астам уақытым кетті.
Төлеутай Сүлейменов, ҚР Мемлекет қайраткері, дипломат:
Бұл бірінші кітап. Это начало казахстанской дипломатии. Бұл бірінші кітап, мұндай кітаптар бізде болған жоқ. Сондықтан ойлаймын, Гүлсім Бақытқызының тәжірибесі қазір көп, тағы осы жұмысын жалғастырып, диломаттар кім, қандай жұмыс атқарды, не істейді, қалай сыртқы саясатты жүргізеді, соның бәрін жазса, риза болар едік.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы