Басты Жаңалықтар Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан

Кейбір дәріханалар мерзімі өткен өнімдерді сатқан

Елдегі кейбір дәріханалар мерзімі өтіп кеткен дәрілерді сатқан. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов арнайы брифингте мәлімдеді.  «Нақты Өнім» қосымшасы 7 мың 500 фактіні тіркеген. Сонымен қатар, науқастарға тегін берілуі тиіс 26 мыңнан астам дәрі сатылғаны белгілі болды. Осы деректер бойынша 31 ұйымға жалпы сомасы 12 миллион 300 мың теңге айыппұл салынды. Тағы 43 дәріханаға анықталған заңға қайшы әрекеттерді жою туралы нұсқама берілген.

Бөлісу