ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады. Түрікменстан павильонында мемлекеттер
басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен
кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды «Оғыздар» қойылымы көрсетілді. Қазақстанның
ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін
танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады. Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше
елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды. Фестиваль аясында
президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен
сымбат» атты телевизиялық фильмдер
байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қостанай облысында соңғы үш жылда елудей спорт нысаны салынған
09.10.2026, 13:20
«Таза Қазақстан» жобасын цифрландырмақ
09.10.2026, 13:15
Қызылордалық оқушы инсульт алған адамды сауықтыратын құрылғылар ойлап тапқан
09.10.2026, 13:12
Түркістанда балалар дәрігерлері тәжірибе алмасуда
09.10.2026, 13:10
Ауасы ластанған ірі қалалар ішінде Сингапур бірінші орында тұр
09.10.2026, 13:07
Франциядағы оқушылар шеруі жалғасып жатыр
09.10.2026, 13:05
₸3,1 млрд: Шымкентте құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
09.10.2026, 13:02
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады
09.10.2026, 13:00