Басты Жаңалықтар Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өтетін ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Мемлекет басшысын «Аваза» кешенінде Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды. Жиынға биыл Достастыққа төрағалық ететін Түрікменстан басшылық етеді. Биыл ұйымның құрылғанына 35 жыл. Сондықтан ТМД аясындағы көпжақты ынтымақтастық және оны әрі қарай дамыту мәселелері күн тәртібінде. Саммит соңында бірқатар бірлескен құжат қабылдау жоспарланған. Бұдан бөлек Авазада бүгін Каспий экологиялық саммиті өтеді. Негізгі мәселе Каспий теңізінің таяздануы. Тараптар теңіз деңгейінің төмендеу себептері мен салдарын, су ресурстарын сақтау жолдарын талқылайды.

Бөлісу