Басты Жаңалықтар Түркістанда балалар дәрігерлері тәжірибе алмасуда

Түркістанда балалар дәрігерлері тәжірибе алмасуда

Түркістанда елордалық дәрігерлер балаларға күрделі операциялар жасап, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасуда. Астанадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасынан келген хирургтар урология, травматология, балалар хирургиясы және инновациялық әдіспен оталардың қалай өткізілетінін көрсетіп жатыр. Дәрігерлер екі күн бойы 20-ға жуық балаға жергілікті жерде жасала бермейтін ота жасап, күрделі диагнозы бар науқастардың ата-аналарына кеңес береді.

Азамат Оразалинов, Астана қаласының штаттан тыс балалар хирургы:

Біз лапороскопиялық жолмен ота жасаймыз. Қосымша ашық түрде де ота жасаймыз. Ол ең бастысы жаңағыдай балаға дұрыс ота жасау. Отаның дұрыс болуы және баланың тез оңалып кетуі. Әрине біз мүмкіндігінше жарақатты төмендетуге тырысамыз. Жаңадан заманауи технологияларды пайдаланып, бірақ дегенмен негізгі мақсат – балаға көмектесу.

Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы