Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан» жобасын цифрландырмақ

«Таза Қазақстан» жобасын цифрландырмақ

«Таза Қазақстан» жобасы үшін цифрлық экожүйе әзірлеу ұсынылды. Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің алғашқы отырысында осындай мәселе көтерілді. Ұсыныс авторы кеңес мүшесі Бағдат Мусин.
Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының реформаларын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты. Отырыс барысында Комитет жұмысының форматы талқыланып, үш салалық комиссия құрылды.

Ақнұр Тұрдалиева, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Бүгінгі отырыста 2026-2027 жылдарға арналған комитеттің жоспарын құрдық. Талқыладық және сала аралық комиссияларға бөліндік. Үш тұрақты комиссия құрылды. Ол білім, ғылым, әлеуметтік саясат бойынша. Азаматтық қатысу және волонтерлікті дамыту бойынша комиссия мүшелері анықталды. Комитеттің алдағы жоспары, жобалары талқыланды. Ұсыныстар берілді.

Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы