Басты Жаңалықтар Санкция салдарынан Ресейде жұмыссыздық артты

Санкция салдарынан Ресейде жұмыссыздық артты

Ресейде жұмыссыздық артты. Тек соңғы бір айда елде 1 миллион 660 мың адам екі қолға бір күрек таппаған. Бұған экономикалық өсімнің баяулауы, кәсіпорындардың шығындарды қысқартуы және рубльдің құлдырауы әсер етті. Құрылыс саласындағы өндіріс көлемі 9,7 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 8 пайызға қысқарған. Ресейдің мемлекеттік статистика қызметінің мәліметінше, санкцияға байланысты елде жыл соңына дейін 10 мыңнан астам компания қызметкерлерін қысқартуы ықтимал. Үкімет мәселені шешу үшін кадрларды қайта даярлау мен жұмысқа орналастыру бағдарламаларын жаңғыртпақ. Алайда өндіріс пен инвестициялық белсенділік баяуласа, еңбек нарығындағы қысым күшеюі мүмкін.

Сергей Миронов, сарапшы:

Қазіргі экономикалық шектеулерге компаниялар дайын болмай шықты. Сондықтан өніріс қысқарып, жұмыс орындары азайды. Тіпті ірі компанияларда да жағдай мәз емес. Мемлекет тарапынан қолдау болмағандықтан, басым бөлігі жабылуға мәжбүр.

Бөлісу