Әлемде туу көрсеткіші төмендеп келеді
Қазақстандағы әрбір алтыншы ерлі-зайыпты бедеулік пен белсіздікке ұшыраған. Бұл мәселе ел көлімінде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан кесел дейді Орталық Азия елдеріндегі репродуктивті медицина мәселелері қаралып жатқан ғылыми конференцияда. Жиынға Араб әмірліктері, Түркия, Ресейден келген ғалымдар қатысып жатыр. Конференцияда халықтың репродуктивті денсаулығы көтерілді. Генетикалық зерттеулер мен жасанды интеллектіні медицинада қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
Локшин Вячеслав, көмекті репродуктивті технология саласындағы жетекші ғалым, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі:
Біздің конференция Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан азаматтарының репродуктивті денсаулығының қазіргі жағдайы мен болашағына арналған. Қазір әлем бойынша туу көрсеткіші төмендеп келеді. 2021 жылы Мемлекет басшысы «Аңсаған сәби» бағдарламасын жариялады. Бағдарламаға биыл бес жыл толып отыр және ол әрі қарай да жалғасады. Оның аясында қосалқы репродуктивті технологияларды қолдануға мұқтаж азаматтар жыл сайын квота алуға құқылы. Осы бағдарлама іске қосылғалы бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы