Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығы салына бастады
Орал қаласының Зачаган кентінде даму және шығармашылық орталығының құрылысы басталды.
Қалада Оқушылар сарайы, бірнеше балалар шығармашылығы орталығы болғанымен, бұл кенттік округте мектептен тыс ұйымның жаңа ғимараты жоқ. Ал округтегі 8 мектепте 15 мыңға жуық бала білім алады. Сондықтан олардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мұндай заманауи орталық ауадай қажет. Жаңа мекемеде ұшақ-кеме құрастыру, 3D модельдеу, робототехника, актерлік шеберлік, мүсіндеу, бейнелеу өнері, би, фото-видео монтаждау үйірмелері ашылады. Ғимаратта мектепалды даярлық сыныптары, STEM кабинеттер, музыка, дыбыс жазу студиялары, тіл курстары, бассейн, акт және түрлі спорт залдары салынады. Шығармашылық, білім-ғылыммен қатар, экологиялық мәдениетке баулу бағыты да ұмыт қалмаған. Жоба құны – 6,2 млрд теңге.
Нұркен Молдашев, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
Бұл жерде EPC контракт, яғни жобалау, құрылыс – барлығы бірге жүреді. Жобалау басталды, 60 %-ға дайын. Содан кейін құрылыс жұмысы басталады. Құрылысты келесі жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланып тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы