Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Астанада мүгедектігі бар азаматтарға ₸ 86 мың беріледі

Астанада мүгедектігі бар азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек беріледі. Төлем Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне орай тағайындалады. Бірінші топтағы азаматтар 86 мың 500 теңге алады. Екінші топтағы азаматтар мен 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға 43 мың 250 теңгеден, ал үшінші топтағыларға 21 мың 625 теңгеден төленеді.

Ағза трансплантациясы: Былтыр 310 операция жасалды

Қазақстанда ағза трансплантациясы артып, былтыр 310 операция жасалды. Дені мәйіттік донорлар. Мұндай транспланттаудың саны 2024 жылы 23 болса, 2025 жылы 68-ге дейін өскен. Яғни бірден екі есеге. Қазіргі таңда ел ішінде 11 трансплантация орталығы істейді.

Skills Enbek: 115 мыңдай адам онлайн оқудан өтті

Қазақстанда Skills Enbek платформасы арқылы 115 мыңға жуық адам онлайн оқудан өтті. Биылғы тоғыз айда білім алғандардың 43 мыңнан астамы  жұмыссыз азаматтар. Олардың 12 300-і  жастар. Платформада 565 курс бар, Оның 60 пайыздан астамы тегін. Ең сұранысқа ие бағыттар - ақпараттық технологиялар, қаржы, бухгалтерлік есеп, сауда және ауыл шаруашылығы.

Қазақстанның жас инженерлері 185 елдің арасында үздік төрттікке енді

Қазақстанның жас инженерлері FIRST Global жарысында ел намысын қорғауда. Ұлттық құрама 185 елдің арасында үздік төрттікке енді. Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан халықаралық жарыстың тақырыбы орман өртіне арналған. Қатысушылар өрттің алдын алу, сөндіру бойынша тапсырмалар орындайтын роботтарды жобалап, құрастырды.

Бөлісу