Басты Жаңалықтар Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек

Тарихшы: Жастарымыз тарихын білу керек

Жаһандану дәуірінде жастардың бойына Ұлы дала ұлағатын сіңіру маңызды міндет. Тарихи жәдігерлерге бай мұражайлар осы бағытта қызмет етуі тиіс. Бұл тақырыпты Ұлттық музейде өткен республикалық ғылыми семинар-практикумда тарихшылар талқылады. Мемлекет басшысы «Жастарымыз өз халқының тарихын дұрыс түсіне отырып, болашаққа үмітпен және сеніммен қарауы тиіс. Біз өз күш-қуатымызға сенетін, мықты ұлтқа айналуымыз керек. Мұң, қайғы, күйзеліс – жастарымызға жат нәрсе болуы тиіс» деген еді. Бүгінгі іс-шараға жиналғандар жастарды рухани ордаларға жиі келуге баулитын бағдарламалар әзірлеу, арнайы іс-шараларды көбейту жайын талқылады. Атап айтқанда, мұражайлар аумағында атқа міну, бүркітпен аң аулау, арнайы лагерьлерді ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жандос Болдыков, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры:

Біз ойлаймыз, балалар археологиялық қазбаларды көру үшін ғана келмейді және сол заманда қалай атқа мінді, қандай құрал-сайман болды, өздері соны көріп, қолданып, Сондай әсер алады, ертең бала қайтып келетіндей.

Бөлісу