Алтын Орда тарихын заманауи форматта насихаттағандар марапатталды
Елордада Алтын Орда мұрасын заманауи медиа арқылы насихаттап жүрген жас зерттеушілер мен контент авторлары марапатталды. Мақсат – ғылыми ақпаратты кең аудиторияға жеткізіп, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру. Марапат иелері тарихи тақырыптарды подкаст, бейнеролик, YouTube және жазбалар арқылы көпшілікке ұсынып жүр.
Тілеген Садықов, тарих ғылымдарының докторы:
Ғылыми болжамды тек қана ғылыми ортаға ғана біліп қоймауы керек. Біз ғана айтып оны ортаға жетпейтін болса ол үлкен кемістік. Сондықтан да жастардың сондықтан бүгінгі журналист жастардың ғылыми ортада айтқан пікірін қоғамға жеткізу, елге жеткізу. Сол арқылы мен қазақпын мың өліп мың тірілген деген тарихымыздың тереңге кеткенін айқындайтын мақтаныштың болғаны маңызды деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы