«Самұрық-Қазына» қолдауымен Третьяков галереясының көрмесі ашылды
«Дәуір мұрасы. Третьяков галереясы қорындағы ХХ ғасыр өнері». Алматыда осындай атаумен бірегей көрме ашылды. Халықаралық жоба «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен жүзеге асты. Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде ашылған көрме – екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтып, әлемдік өнер жауһарларын қазақ көрерменіне жақындата түсетін маңызды оқиға.
«Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ашылған көрмеде ХХ ғасырдағы орыс өнерінің 30 туындысы ұсынылған. Келушілер Аркадий Рылов, Борис Кустодиев, Александр Дейнека сияқты танымал суретшілердің шығармаларын тамашалай алады. Третьяков галереясының туындылары бұл музейде соңғы рет 1993 жылы қойылған екен. Демек араға 33 жыл салып ұйымдастырылған көрме – өнерсүйер қауым үшін тамаша мүмкіндік. Туындылар көрмесі 2027 жылғы 17 қаңтарға дейін жалғасады.
Гүлайым Жұмабекова, Ә.Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің директоры:
Екі елдің мәдениетін нығайтуға, ары қарай дамытуға үлкен, маңызы зор жоба. Ізденіс үстінде жүрген суретшілеріміз бар, Ресей өнер туындыларын кеңінен тануға, оларды зерделеуге үлкен мүмкіндік бар.
Жобаның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» қоры мәдени мұраны сақтау мен мәдени инфрақұрылымды дамытуға да үлес қосып келеді. Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен Ұлттық өнер музейінде биыл ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи арт-зертхана ашылды.
Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:
«Самұрық-Қазына» үшін қайырымдылық бағыт өте маңызды бағыт болып табылады. Бұл бағыт бойынща жүйелі жұмыс жалғастырудамыз. Соңғы жылдары Қазақстан бойынша 4 музей, кітапхана аштық. Алматы қонақтарына да, тұрғындарына да осындай жақсы көрмеге келуге мүмкіндігі бар.
Мұражайдағы көрме – «Самұрық-Қазына» қорының жүйелі жұмысының жалғасы. Бүгінде Жаңаөзенде жаңа орталық қалалық кітапхана салынып жатыр. Ал Талдықорғанда креативті орталықты іске қосу жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы