Басты Жаңалықтар Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары

Almaty SuperSki жобасына қызығушылық жоғары

Алматының туристік әлеуетін арттыруды көздейтін Almaty SuperSki жобасына қала тұрғындарының қызығушылығы артқан.

Тау-шаңғы курортының салынуын шаһарға саяхаттап келетіндер де қолдап отыр. Жоба жүзеге асқан жағдайда Алматы жыл бойы туристер үзілмейтін заманауи мегаполиске айналмақ. Almaty SuperSki 2028 жылдың соңында пайдалануға беріледі. Ауқымды жоба аясында жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық тау шаңғысы трассасы салынып, 11 аспалы жол мен үш арқанға ілінетін заманауи кабиналар болады. Жаңа демалыс орындары көбейсе, отбасымызбен таудың таза ауасымен тыныстауға жиі келеміз, - дейді қала қонақтары.

Бөлісу