Басты Жаңалықтар Еліміз жәрдемақы көлемі жағынан Орталық Азияда бірінші орында

Еліміз жәрдемақы көлемі жағынан Орталық Азияда бірінші орында

Биылғы бюджеттің шамамен 27 пайызы халықты әлеуметтік қорғауға бағытталды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр. Мәселен, бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы бірінші, екінші және үшінші балаға 164 мың теңгеден асса, төртінші және одан кейінгі балаларға 272 мың теңгеден жоғары. Бұл - отбасының табысына қарамастан берілетін төлем. Бала күтіміне байланысты жәрдемақы сәби бір жарым жасқа толғанға дейін төленеді. Төрт және одан көп баласы бар отбасыларға да ай сайын жәрдемақы қарастырылған. Мәселен, төрт балалы отбасы 69 мың теңгеден астам, ал жеті баласы барлар 121 мың теңгеден астам қаражат алады. Сегізінші және одан кейінгі әр балаға қосымша қаражат беріледі. Сонымен қатар «Күміс алқа» және «Алтын алқа» иегерлеріне ай сайын мемлекеттік төлем тағайындалады. Ал мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған қамқоршыға 81 мың теңгеден астам жәрдемақы беріледі.

Бөлісу