Басты Жаңалықтар Париждегі XVII ғасырғы базар өртеніп кетті

Париждегі XVII ғасырғы базар өртеніп кетті

Франция астанасы Париж орталығында XVII ғасырда салынған базар түгел өртеніп кетті. Түнде басталған жалын базардың мың шаршы метр аумағын шарпыған. Өртті сөндіруге 150 маман қатысты. Алайда көнеден келе жатқан әрі туристер мен жергілікті тұрғындар арасында танымал орынды сақтап қалу мүмкін болмады. Тілсіз жаудың неден тұтанғаны белгісіз. Өрт қайталанбауы үшін құтқарушылар сауда павильондарын тексеріп жатыр. «Анфан-Руж» базары 1615 жылы король XIII Людовиктің жарлығымен салынған.

Бөлісу