Басты Жаңалықтар Спортшыларға университет гранты берілді

Спортшыларға университет гранты берілді

Спорттағы жетістігі тегін білім алуға мүмкіндік берді. Бакуде өткен дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Шерзод Давлатов пен ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Дамир Тоқтаровқа Алматыдағы университеттің гранттары табысталды. Құзға өрмелеуден Азия ойындарында жүлде алған Дамир үшін бұл – спорттық мансабын біліммен ұштастыруға берілген мүмкіндік.
Айта кетейік, оның Азия ойындарындағы қола медалі – Қазақстанның спорттық құзға өрмелеу тарихындағы алғашқы жүлде. Енді ол «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавриатта тегін білім алады. Бастаманың мақсаты – халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына жағдай жасау.

Дамир Тоқтаров, ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері:

Менің өмірімдегі ең маңызды жарыс. Ең үлкен жарыс және бірінші Азия ойындарында қола медаль иегері болу өте қуаныштымын. Үлкен рақмет менің ректорыма, менің кураторыма. Оқуға мүмкіндік беретін жағдайға өте қуаныштымын! Алдымда келесі жылы Олимпиадаға отбордан өту және Олимпиадаға қатысу.

Бөлісу