Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді
Қазақстан World Population Review халықаралық статистикалық платформасы жариялаған Most Powerful Countries 2026 рейтингінде 100 елдің арасында 34-орынға ие болды. Еліміз бірқатар Еуропа, Азия және Таяу Шығыс мемлекеттерінен жоғары орналасқан.
Рейтингте Қазақстан Дания, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы, Норвегия, Сауд Арабиясы сияқты елдерден алда тұр. Ал посткеңестік мемлекеттер арасында Қазақстан Ресейден кейінгі екінші нәтижені көрсетті. Ресей 11-орынға жайғасқан. Украина, Литва, Беларусь елдері 50-інші сатыда болса, Өзбекстан, Латвия, Эстония, Армения мемлекеттері 70 пен 90-ыншы сатының арасында көрінген. Рейтинг көшін Қытай бастап тұр. Екінші орында – АҚШ, үшінші орында – Үндістан. Айта кетейік, Most Powerful Countries рейтингі мемлекеттердің әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы ықпалын бағалайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы