Басты Жаңалықтар 2027 жылы бюджет тапшылығы ₸4,6 трлн болады

2027 жылы бюджет тапшылығы ₸4,6 трлн болады

Қаржы министрі республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштерін атады. Құрылтай отырысында Мәди Тәкиев 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды. Оған сәйкес келесі жылы кірістер 25,4 трлн теңге, ал шығыстар 30,2 трлн теңге болады. Бюджет тапшылығы 4,6 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 2,3 пайызы болмақ. Жоспар бойынша бюджет тапшылығы 2029 жылы 0,4 пайызға дейін біртіндеп төмендейді. Мемлекеттің меншікті кіріс базасы нығайып келеді. Ол 2029 жылға қарай 23,4 трлн теңгеге дейін өседі.

Бөлісу