Басты Жаңалықтар Әлем жаңалықтарына шолу

Әлем жаңалықтарына шолу

Бали аралында жанармай тапшы

Индонезияның Бали аралында көлік қатынасы қиындады. Отын тапшылығынан жанармай құю станцияларында ұзынсонар кезек түзілді. Нарыққа қосымша 26 мың литр жанармай шығарылды. Алайда аралдағы энергетикалық дағдарыс әзірге жеңілдемей тұр.

Оқушылар шеруі қақтығысқа ұласты

Францияда оқушылар шеруі әлі жалғасып жатыр. Демонстранттар саны 161 мың 500-ге жеткен. Наразылық акциясы қыркүйектің соңында басталды. Оқушылардың талаптары - мектептерді жөндеуден өткізу, мұғалімдер қатарын көбейту және оқу жүктемесін азайту.

Эбола вирусын жұқтырғандар саны 9 мыңнан асты

Конго Демократиялық Республикасында эбола вирусын жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып, 4300-ден астам адам қайтыс болды. Ал екі мыңнан аса науқас бұл вирустан толық айығып шықты. Эболаның таралуын тоқтатуға үкімет әскері мен көтерілісші топтар арасындағы қарулы қақтығыс айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

Сингапурде зиянды түтін сейілмей тұр

Сингапурде ауа сапасы нашарлап кетті. Көршілес Индонезиядан тараған зиянды түтін қазанның 4-нен бері сейілмей тұр. Ауа сапасының индексі 181 пунктке жеткен. Бұл - денсаулыққа қауіпті көрсеткіш. Ластану жағынан ірі қалалар ішінде Сингапур Малазия астанасы Куала-Лумпурден кейін екінші орында тұр.

Бөлісу