Басты Жаңалықтар «Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті

«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті

Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форум өтті. Бұл – Қазақстан Халық Кеңесінің өңірлерде өткізген алғашқы іс-шарасы.

Форумға Халық кеңесінің төрағасы Ерлан Қошанов қатысып, Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқыды. Диалог алаңында мыңға жуық қоғамдық ұйым өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар бас қосты. Халық кеңесінің басты міндеті – жұртшылықты Президент реформалары мен бастамалары төңірегінде топтастыру деді Ерлан Қошанов.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы:

Қоғамдық диалог жемісті болуы үшін біз бір-бірімізді тыңдай білуіміз керек. Тізе қосып, бірге жұмыс істей білуіміз керек. Бүгінгі кездесу соның нақты дәлелі, нәтижесі деп білемін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен іске асырылып жатқан реформалар, ең алдымен, қарапайым азаматтардың, отбасының, жас буынның мүддесіне бағытталған.

Халық кеңесі Президенттің «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» қағидаттарын іске асыруға белсене атсалыспақ. Сөз алғандар ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық әдеп, кітап оқу мәдениетін дамыту жайлы ой-пікірлерін ортаға салды. Әскери бөлімдердегі моральды-тұрмыстық жағдайларды жақсарту мәселесін де көтерді. Сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту, әйел мен бала құқығы туралы да ұсыныстар айтылды.

Наталья Дементьева, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

Әскерде ол тәртіпке бағынуды да, ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуді де, өзіне тапсырылған іске жауап беруді де үйренеді. Сондықтан әскери қызметтің тәрбиелік, танымдық әлеуетін кеңейтуге айрықша көңіл бөлуіміз керек. Осы бағытта Халық Кеңесі пайдалы іске ұйытқы бола алады.

Айжан Қиясова, Аналар алқасының төрағасы:

Әділдік, жауапкершілік, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, алғашқы түсініктерді де сол ортадан алып шықтық. Сондықтан үлкен өмір жолына келгенде біз ұяда көргенімізді атқарып жатқан ісіміз арқылы көрсетіп жүреміз. Қоғамдық өмірде болса да. Отбасындағы заң мен тәртіп қызметтегі іс-әрекеттің айнасы деп ойлаймын.

Бөлісу