Басты Жаңалықтар Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты

Екі кемеге снаряд тиіп, суға батты

Ормұз бұғазында соңғы тәулікте екі бірдей кемеге снаряд тиді. Контейнер тасығыш бірінші кеме бұғазға кіре бергенде шабуылға ұшыраған. Ал екінші жүк кемесіне снаряд тигенде, бір адам қаза тапты. Қалған экипаж мүшелері қауіпсіз жерге көшірілген. Әзірге бұл кемелерді кімдер атқылағаны белгісіз. «Рейтердің» жазуынша, соңғы 10 күнде бұғаз төңірегінде шабуыл жиілеп кеткен. Иран порттарын жауып, санкцияларды қатаңдатқан АҚШ-қа жауап ретінде соққыларды күшейткенін мәлімдеп отыр. 

Бөлісу