Алматыда уланған оқушы саны 51-ге жетті
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жаппай уланып, ауруханаға жеткізілген оқушы саны 51-ге жетті.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева хабарлады. Бұған дейін ішек инфекциясының белгілерімен 48 оқушы шұғыл ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған-ек. Артынша, тағы үш баланың уланғаны анықталды. Дәрігерлер қазір олардың жағдайы жақсы, денсайлығына ешқандай қауіп жоқ екенін айтып отыр. Барлығы мектеп интернатында тұратын балалар. Полиция қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Мамандар, санитариялық тексеріс кезінде мектеп асханасындағы азық-түліктің дұрыс сақталмағанын растап отыр. Әзірге мектеп жұмысы уақытша тоқтатылған. Оқушылар 16 қазанға дейін онлайн форматта оқиды.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 5 мың орындық спорт кешенін сала бастады
15.10.2026, 17:27
Қызылорда өңірінде тоғанда балық өсіру кәсібі өркендеп келеді
15.10.2026, 17:22
Оқушылар банан қабығымен қан тоқтата алатындарын дәлелдеді
15.10.2026, 17:20
Жамбыл облысында дәрігер тапшы
15.10.2026, 17:17
Су арналары есептегіштерді ауыстыру туралы заңсыз талап қойған
15.10.2026, 17:14
Ыстанбұлдағы нөсер жаңбырдың соңы селге ұласты
15.10.2026, 17:12
Ресейде бензин тапшылығы күшейді
15.10.2026, 17:10
Жүргізуші куәлігіне емтиханды ең ұзағы 2 ай күтеді
15.10.2026, 17:08