Басты Жаңалықтар Ақтөбеде 5 мың орындық спорт кешенін сала бастады

Ақтөбеде 5 мың орындық спорт кешенін сала бастады

Ақтөбеде 5 мың көрерменге арналған әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталды. Нысанда 50 метрлік жүзу бассейні, спорттық және көркем гимнастика, баскетбол, волейбол залы болады.

Ғимараттың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын қоршау, топырақтың беткі қабатын алу және қазаншұңқыр қазу жұмыстары аяқталды. Мамандар геодезиялық жұмыстар жүргізіп, іргетас тақталарын орнатады. Кешен «Алтын Орда» ауданының әлеуметтік-іскерлік орталығынан бой көтереді. Бұл аумақта 35 мың орындық стадионның құрылысы да жүріп жатыр. Жаңа арена УЕФА-ның төртінші санатына сәйкес салынып, алты ярусты трибуналармен жабдықталады.

Құрылысшылар жыл соңына дейін монолитті жұмыстарды аяқтап, темірбетон қаңқасын тұрғызуды жоспарлап отыр.

Аслан Жарасбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Кестеге сәйкес үш жылда бітетін құрылыс.Сонымен қатар Президенттің бастамалары негізінде резервтен қаражат бөлінді. Қазіргі таңда сол қаражатқа құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Бөлісу