Әлем жаңалықтарына шолу
Хуситтер президент сарайына зымыранмен соққы берді
Йемендік хуситтер елдің оңтүстігіндегі Аден қаласындағы президент сарайына зымыранмен соққы берді. Йемен ақпарат министрлігінің дерегінше, резиденцияға 5 зымыран тиіп, көп адам жараланған. Екі қауіпсіздік қызметкері мерт болды. Бұған дейін Мекке маңында зымыран атып түсірілгені туралы мәлімет түсті. Алайда хуситтер бейсенбі күні Саудияға шабуыл жасамағанын хабарлады.
Мектепке жасалған шабуылдан 4 адам қаза тапты
АҚШ-тың Орегон штатының Бенд қаласында 16 жасар жасөспірім бастауыш мектепте оқ жаудырып, үш оқушы мен бір мұғалімді мерт қылды. Кейін жеткіншектің өзін жергілікті тұрғындардың бірі атып тастаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Ыстанбұлдағы су тасқынына қатысты тергеу басталды
Түркияның Ыстанбұл қаласында нөсер жауын кезінде адамдардың қаза табуына қатысты тергеу басталды. Прокуратура табиғи апат кезінде салғырттық пен заң бұзушылық фактілерін анықтауға кірісті. Су тасқынынан 3 адам мерт болған. Түркияның метеорология қызметі жауын күшейіп, тасқын, сел болуы мүмкін екенін ескертіп отыр.
Эбола вирусы сегіз провинцияда өршіп барады
Конго Демократиялық Республикасында өршіген Эбола вирусы Орталық Африка Республикасымен шекаралас провинцияға да жетті. Солтүстік Убанги – қауіпті індет тараған сегізінші аймақ атанып отыр. Елде мамырдың ортасынан бері вирусқа 9 мыңнан астам адам шалдығып, 4 мыңдай тұрғын қайтыс болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы