Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
Жеті жылда шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 30 пайызға жеткен. Мысалы, тек Абай облысында шағын және орта бизнесте 55 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Саладан жұмыс тапқандардың саны 106 мыңнан асады. Тек өткен жылдың өзінде шағын және орта бизнес субъектілері 1 триллион 553 миллиард теңгеден астам өнім өндірген. Кәсіпкерліктің дамуына әсіресе «Ауыл аманаты» бағдарламасы сеп болды. Ауылда отырып-ақ мемлекет қолдауымен ісін бастағандар аз емес. Мысалы, Мақаншы ауданындағы Серік Шегебаев көлік сервисі қызметін қолға алған. Қомақты қаржы алып құрылыс бастады.
Серік Шегебаев, Мақаншы ауылының тұрғыны:
Бұл - мемлекетіміздің қолдауы. «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында жеңілдетілген, арзан 2,5 пайызбен несие алып, осы құрылыс бизнесімді бастап кеттім. Осындай үкіметтен жеңілдік көп болса.
Ал Үржар ауданындағы Сайлаугүл Сағатбекова тағам өндірісімен айналысады. Ісін бастау үшін мемлекеттен 4 млн теңгеден атам қаржы алған. Енді отбасы мүшелерін де ауылдастарын да жұмыспен қамтып отыр. Үйінің жанынан шағын цех салған. Сұраныс артқандықтан, кеңейтуді жоспарлап отыр.
Сайлаугүл Сағатбекова, кәсіпкер:
Жақсы нәтиже көріп жатырмын. Жұмысым жүріп жатыр. Бала-шағамның барлығына жұмыс болып жатыр. Үш кісіні жұмыспен қамтып отырмын. Ауылда кәсіппен шұғылдануға болады. Осы ауылда қолжетімді бағамен дүкенге қойып сатып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы