Басты Жаңалықтар Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ

Ортақ тарих, ортақ ғылым: Түркі елдері ынтымақтастықты нығайтпақ

Түркі мемлекеттері ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асырып, зерттеу жұмыстарын бірлесе жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұл туралы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен кездесуде айтылды. Жиында түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдени мұрасын зерттеу, ғалымдар арасындағы байланысты күшейту мәселелері көтерілді. Сондай-ақ ортақ зерттеулерді үйлестіретін арнайы ғалымдар тобын құру ұсынылды. Бұл түркітану саласындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді. Кездесуде жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту қажеттігі де айтылды. Қатысушылардың пікірінше, жаңа технологияларды зерттеу мен тәжірибе алмасу ғылыми байланысты нығайтуға жол ашады. Сонымен қатар бірлескен жобаларды әзірлеп, жүзеге асырудың маңызы атап өтілді. Тараптар ортақ бастамаларды қолға алып, ғылыми әріптестікті жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Бекмамат Женбаев, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті:

Ілім, білім, Түркі мемлекеттері арасындағы алмасу, жоба жасау бойынша, Түркі мемлекеттері жастарының проблемалары жөнінде сөйлестік.

Бөлісу