Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы семсерлесушілерді құттықтады

Мемлекет басшысы семсерлесушілерді құттықтады

Касабланкада семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан бірінші орынға шықты. Ел намысын қорғаған спортшыларымызды  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады. Бұл жөнінде Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм желісіндегі парақшасында жариялады. «Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді», - деп жазды Айбек Смадияров.

Бөлісу