Басты Жаңалықтар Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды

Республика күніне орай сауда орындарында жеңілдік басталды

Елорданың 10 сауда орталығы мен 48 желілік дүкендері тауарларын 50 пайыз жеңілдікпен сатып жатыр. «Republic Day», «Bereke Fest» деп аталатын бұл науқан Республика күніне орай еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылған. Акция қазанның 27-сіне дейін жалғасады. Жауапты министрлік мұндай шараның ішкі сауданы жандандырып, кәсіпкерлерді қолдауға бағытталғанын айтады. Ал мерекелік жеңілдіктерге қуанған жұрт отбасылық бюджетті үнемдеуге мүмкіндік туды дейді.

- Иә «береке фест» акциясы керек елге. Әсіресе пенсионерлерге. Бізді қуантып қояды әрине.

- Тиімді, тауарлары жақсы. Көптеген тауарлар алдым жеңілдікпен акцияменКүнде бола бермейді үлгеріп алып қалыңыздар

- Үйге анау-мынау алуға келгем шайға, маған ұнады акциялары, керемет.

Бөлісу