Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам туындыны таныстырды
Астанада өтіп жатқан Creative Aimaq көрмесінде 80-нен астам креатор туындыларын ұсынды. Екі күнде жәрмеңкеге 4 500 қатысушы келіп, жалпы сомасы 10 миллион теңге көлемінде сауда жасаған. Көрмедегі назар аудартқан жобалардың бірі – жастарға болашақ мамандығын таңдауға көмектесетін VR-көзілідірік.
Данияр Айдарұлы, жобаны таныстырушы:
Контроллерді қолдана отырып, адам виртуалды кеңістікте әртүрлі іс-әрекет жасай алады. Алты мамандықтың бірін таңдаған соң, қысқа интервьюден өтеді. Оның нәтижесі бойынша жүйе қай мамандықтың оған көбірек сай келетінін пайызбен көрсетеді.
Ерлан Ермекұлы, креативті индустрияларды дамыту қорының басқарма төрағасы:
Creative Aimaq жобасы басталғалы осы жәрмеңкеге 70 мыңнан астам елорда тұрғындары мен қонақтары келіп көріп қайтты. 700 ден Астам креатор еліміздің келіп өз өнімдерін, заттарын сатып таныстырып жатыр халыққа. Бүгінгі күні 170 миллион теңгеден астам тауарлар сатылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы