Үкіметте экономикалық саясат жөнінде кеңес өтті
Үкіметте экономикалық саясат жөніндегі кеңес
отырысы өтті. Премьер-министр Олжас
Бектеновтыңтөрағалығымен өткен жиында
халықаралық сарапшылар Қазақстан экономикасын нығайтуға қатысты ұсыныстарын
айтты. Негізгі мақсат – экономиканы шикізатқа тәуелділіктен арылтып, өндіріс
пен кәсіпкерлікті дамыту. Сарапшылар шетелдік инвестицияны көбейтіп, жеке
бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау жолдарын ұсынды. Сондай-ақ өңірлердегі
өндірісті өркендету, қазақстандық өнімнің экспортын арттыру және ірі
инвесторларды тарту мәселелері қаралды. Талқылауда жеке капиталдың
экономикадағы үлесін арттыруға да мән берілді. Бұл бағыттар жаңа жұмыс
орындарын ашуға және халықтың тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Жиын
қорытындысында Олжас Бектенов жауапты мемлекеттік органдарға сарапшылардың
ұсыныстарын талдап, нақты жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы