Басты Жаңалықтар ДСМ: Маймыл шешегі бойынша жағдай бақылауда

ДСМ: Маймыл шешегі бойынша жағдай бақылауда

Елімізде маймыл шешегі бойынша эпидемиологиялық жағдай бақылауда. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Қазір мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілді. Дене температурасын қашықтан өлшейтін құралдармен жабдықталған.
Медициналық ұйымдар мен зертханалардың инфекцияны уақтылы анықтауға және диагностикалауға дайындығы қамтамасыз етілген. Аса қауіпті инфекцияға күдік туындаған жағдайда оған қарсы әрекет ету жұмыстары қолға алынған. Індеттің ошағы  Конго демократиялық республикасы. Африкадағы елде эбола жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып, 4 мыңнан астам адам қайтыс болды. Әзірге вирусқа қарсы екпе ойлап табылған жоқ. Жаңа бір препарат жақында сынақтан өткізіледі.

Бөлісу