Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

200-ге жуық оңалту бөлімшесі ашылады

Елде аутист балаларға арналған 200-ге жуық оңалту бөлімшесі ашылады. Тағы 81 психикалық денсаулық орталығы салынбақ. Жауапты министрлік құрылысты алдағы 5 жылда аяқтауды жоспарлап отыр. Қазір дамуында ерекшелігі бар балаларға оңалтудан өту үшін арнайы стационарларға жолдама қажет. Ал жаңа орталықтардың арқасында мамандардың көмегіне кез келген уақытта жүгіне алады.

Астанада 15 шақырым жол салынады

Астанада жыл соңына дейін 15 шақырым жол салынады. Қазір 50-ге жуық бағытта құрылыс жүріп жатыр. Мәселен, Тәуелсіздік көшесі, Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талалға дейін ұзарады. Жангелдин көшесінде де инженерлік желілер мен жол салынып жатыр. Бұл жоба мектептептерге, колледжге және лицей-интернаттарға қатынауды жеңілдетеді. Жолды 10 қарашаға дейін толық ашу жоспарда. 

Парижде Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне концерт өтеді

Парижде Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне концерт өтеді. Музыкалық кеш VIII Қазақ киносы фестиваліне арналған мәдени іс-шаралардың бастамасы болмақ. Ол Республика күніне орай 24 қазанда өтеді. Биыл «Менің Қазақстаным» әнінің жазылғанына 70 жыл, ал оның  мемлекеттік әнұран ретінде қабылданғанына 20 жыл. Париждегі концерттің бағдарламасы осы мерейтой аясында дайындалған.

Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Мерей Базарбаев АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.  Отандасымыз еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол ширек финалға дейін америкалық Люк Лилледальды 3:1 есебімен ұтты. Кейін франциялық Расул Галбураевты 13:2 есебімен жеңді.

Бөлісу